2012 жылдың 25-26 сәуірінде жыл сайынғы «Ғылым әлемі» форумы шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы НАТО жөніндегі Ресурстық және ақпараттық орталық және «НАТО қызметімен қызығатын жастар» студенттік ассоциациясы бірлесе отырып «Мини-Модель НАТО» ІІ-ші Республикалық Студенттер форумын өткізеді. Жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген жігерлі жастардың дәстүрлі өтетін жиынының тақырыбы «НАТО мен Орталық Азия елдерінің 2014 жылдан кейінгі ынтымақтастығы».
НАТО моделі – географиялық ауқымы өте кең біріңғай студенттік қозғалыс және оқу-үдерісіне енгізілген білім бері модулі. Аталмыш шараға әлем елдерінен жүз мыңдаған студенттер қатысады.
Қазақстанның аймақтық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты аспектілерінің бірі НАТО-мен әріптестіктігі болып табылады. Қазақстан НАТО-мен «Бейбітшілік үшін әріптестік» және Еуроатлантикалық серіктестігі кеңесі шеңберінде әр түрлі бағыттарда ыртымақтасады. НАТО-ның рөлі, Қазақстанмен ынтымақтастығы жөнінде толығырақ хабардар болу үшін ұйымдастырушылар студент жастарға Мини модель НАТО іскерлік ойнына қатысуға шақырады.
2012 Мини-Модель НАТО жұмыс бағдарламасына іс-шараның ашылу салтанаты мен рөлдік ойын түрінде өтетін мәжіліс отырыстары кіреді. Солтүстікатлантикалық Кенес және әскери жоспарлау Комитеттерінің жұмыстарына еліктей отырып, қатысушылар Орталық Азия елдерінің НАТО-мен ынтымақтастығы, аймақтық қауіпсіздік мәселелерін, Ауғаныстандағы жағдай және оны реттеу жолдарын қарастырады. НАТО-ның мүше мемлекеттерінің, Орталық Азиядағы серіктес-мемлекеттерінің ұстанымдарын көрсету арқылы студенттер ғаламдық қауіпсіздік жүйесіне, халықаралық ынтымақтастық және қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне қатысты өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Аталған Форум жаңа мәлімет алам деушілерге және де кәсіби дағдыны дамытам деушілерге таптырмас мүмкіндік болып табылады.
Кішігірім НАТО моделіне Қазақстанның бірқатар Жоғарғы оқу орындары, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Құрлықтық әскер Интституты, Букетов атындағы ҚарМУ, КИМЭП, Қазақстан-американ, Қазақстан-неміс университеті, Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлемдік тілдер Университетінен келген 100-ге жуық қонақтар мен студенттер ат салысады.
Шараның құрметті қонақтары мен халықаралық сарапшылары ретінде ҚР Сыртқы Істер Министрлігі мен НАТО-ға мүше-мемлекеттердің (соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Түркия, Польша) және Ауғанстанның дипломатиялық корпус өкілдері мен ғалымдары шақырылды.









